| [Социальное действие] |
| Форма входа |
| Меню раздела |
| Главная » Новости ОНЖ » агитация |
Өз құқығымызды бірлесіп қорғайық! «Халық баспанасыз қалмасын» қозғалысы дағдарыстың салдарынан зардап шегіп, ипотекалық несие бойынша төлем жүргізу мүмкіндігінен айрылған барлық азаматтарды бірлесуге шақырады. Бұл категорияға - баспанасын кепілге қойып алынған тұтыну несиесі немесе бизнесті дамытуға алынған несиелер де жатады. Банкілер мен несие ұйымдары тоқтаусыз жарнамалары арқылы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның шарықтауына себепкер болып, сонымен бірге азаматтарымызды аяусыз тонайтын несие құрығына іліп, мәңгі борышкер қылмақ немесе баспанасыз қалдырмақ. Қазіргі таңда мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып банкроттыққа ұшырап, бастарындағы баспаналарынан ажырап қалу қаупі төніп тұр. Сондықтан біз: - кепілдегі баспананы сот арқылы тартып алуды немесе соттан тыс саудаға салуды тоқтатуды; - негізгі қарызды ғана (үстемесіз) жабуға мүмкіндік беруді; - төлем жүргізуді бірнеше жылға шегеруді; - билік тарапынан: борышкерлерге көмек көрсету үшін дағдарыстан шығудың нақты жолдарын қарастырып, тиімді бағдарламалар қабылдауды, - талап етіп қана қоймай, осыларға қол жеткізуге ат салысамыз. Бізге қосылыңыздар! Біздің күшіміз - бірлікте! Бірлесе отырып баспанамызды, өзіміздің конституциялық құқығымызды қорғайық! Біздің мекен жайымыз: Алматы, Бөгенбай батыр көшесі (Жароков к- ң қиылысы), 24-ші пәтер. Телефондар: 328 90 59; 375 54 36. 8 701 784 93 37; 8 701 347 1111; 8 701 726 3933 Электрондық адрес: o-n-j@mail.ru и сайт: http://www.socdeistvie.info/
«ХАЛЫҚ БАСПАНАСЫЗ ҚАЛМАСЫН» ҚОЗҒАЛЫСЫ | |
| Всего комментариев: 0 | |
| Намечается: |